Амангельдинова Мөлдір
11-сынып оқушысы
Мен 9-сыныптан бері мектепшілік, қалалық, республикалық, халықаралық дебаттық турнирлерге қатысып келемін. Осы уақыт аралығында біраз белестерді бағындырып, көптеген марапаттауларға ие болдық. Атап айтқанда, «Astana-Open 2012» халықаралық дебаттық турнирінің 1-орын иегері, «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестіктерінің қолдауымен өткен қалалық Дебат турнирінің жеңімпазы, Еуразиялық Ұлттық Университетіндегі «Оратор» интеллектуалдық пікірсайыс клубының қолдауымен өткен факультет аралық дебат ойындарының 3-орын иегеріміз. Менің өмірімде дебаттың алар орны ерекше. Себебі, пікірсайыстарға қатысу арқылы бойыма көптеген жақсы қасиеттерді жинадым. Өз ойымды еркін жеткізу, көпшіліктің алдында жасқанбай сөйлеу, кез келген тақырыпта пікір айта білу, тез аралықта ойымды жинақтау, өз пікірімде тұра білу – осының бәрі пікірсайыстың арқасында.
Дебат маған көптеген достар, таныстар табуға өз септігін тигізді.
Әр пікірсайыс «Ойында қарсылас болсаңдар да, өмірде дос болыңдар!» деген сөйлеммен аяқталады. Шынында да солай, дебаттық ойын біткеннен кейін бәріміз бір ананың баласындай достасып, жақсы араласып кетеміз. Бұл дебаттың тек қана логикалық, жан-жақты ойлауға ғана емес, бірлікке, бауырмашылдыққа шақыратынының айғағы. №15 мектеп-лицейдің пікірсайысшылары тек қана мектеп оқушыларымен ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттерімен де сөз таластырады. Біздің жас пікірсайысшы болып қалыптасуымызға ЕҰУ-інің студенттерінің ықпалы зор. Әсіресе, ҚазҰТБ университетінің түлегі Ербатыров Мейрамбек ағайға мың алғыс. Ол кісінің ақыл-кеңесінің, қажырлы еңбегінің нәтижесінде біз дебат ойындарының ережесін жақсы меңгердік. Дебатқа қатысқаныма өте қатты қуаныштымын. Әр оқушының патриот болуына, өз тілін жетік меңгеруіне, елінің адал азаматы, берік тірегі болып қалыптасуына дебаттың қосатын үлесі зор. Қазақ пікірсайысы жасай берсін!
Магизам Аягөз
11-сынып оқушысы
Дебат-көшбасшылық қасиетті қалыптастырады
Дебат деген сөздің өзі- пікір таласу деген мағынаны білдіреді. Дебат арқылы адам өзінің ойын, идеяларын қоғамдық орынға, жас саяси партияларға жеткізе алады. Бұл ойынның өзі адамға өзіне деген сенімділік , алға деген ұмтылыс, кез келген қиындықты бірнеше жолмен шеше білу қабілетімен қоса, адам бойына көшбасшы қасиетін дарыту қабілетіне ие.
Адам баласының қиыншылық дегенде басын сауғалап, одан қашып, оған жолықпауға тырысатыны бәрімізге мәлім. Әрине , бұл бір жағынан дұрыс та шығар, бірақ өмірде сен қаламасаң да алдыңнан қиындық міндетті түрде шығатыны белгілі. Мінеки, дәл осы қиындықты жеңу, тек шынайы көшбасшыға ғана тән. Алайда дебат адам бойына тек жақсы қасиеттерді ғана дамытып қоймай, ел басына түсіп жатқан мәселелерді де шешуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз - саяси-қоғамдық, әлеуметтік өмірге араласа алу және пікіріңді жеткізе алу қабілеті.
Кей дебатер үшін жай шешім ғана емес, сол мәселеге деген көзқарас, жақсы өмірге, жоғарғы деңгейге деген ұмтылыс. Оны білдіріп қана қоймай қорғай ала білу қабілеті. Дебатта жеңудің 3 басты міндеті бар:
1. Өз идеяңды дұрыс жеткізу
2. Қарсы топтың (оппоненттердің) идеяларын құлату
3. Бар жағдайды өз пайдаңа шешілетіндей қорытынды жасау
Білесіз бе? Қоршаған ортаны өзгерту үшін, адам ең алдымен өзінен бастауы тиіс. Егер жастайыңнан бойыңа игі қасиеттерді дамыта білсең, өскенде өз еліңді мідетті түрде дамыта аласың.
Дебаттың адамға берері көп. Достық, күлкі, қызық оқиғалар, әр нәрсеге деген сан түрлі көзқарас, ұйымшылдық, бір топ басшыларының бірін бірі сөзсіз түсіну, логикаңыздың өсуі барлығы дебаттың зор пайдасы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні дебат – адамды дұрыс жолға тәрбиелейді.
Сулейменова Дениза, Шайбакова Снежана
ученицы 9 В класса
Дебаты верный путь к саморазвитию
Я дебатер!
Я дебатер! И для меня дебаты-это ощущение, когда ты спешишь на собрание, в ожидании новой интересной резолюции, когда в игре всеми силами пытаешься защитить точку зрения своей команды и томительное ожидание спикерских баллов, объявление победившей команды. С тех пор, как я познакомилась с совершенно новым для меня словом «дебаты», о проблемах с учебой забыла совсем. На уроках, при познании новой темы, бывает то непонятно, то скучно. Каждый день сидеть за партой, слушать учителя, вникать в его слова иногда надоедает, хочется чего-то нового, интересного. А кто не любит спорить? Если мы можем вести дискуссию на бытовые темы и получать информацию, которая усваивается гораздо лучше, чем полученная в школе, то спор на исторические, биологические, политические, экономические и экологические темы будет давать двойной результат. Желая доказать свою точку зрения, победить оппонента, дебатеры пытаются найти как можно больше информации на заданную тему, рассматривая ее с разных сторон, вникая в нее полностью и запоминая на долгое время. Также, умение анализировать речь каждого спикера помогает в освоении нового материала в школе. Вслушиваясь, вникая, перерабатывая в голове слова оппонента можно, с таким же успехом, анализировать и слова учителя. Следующий плюс занятия дебатами-развитие речи. Это умение пригодится в школе и за ее пределами. Человеческая способность говорить определяет очень многое. То, как ты преподносишь свои мысли, влияет на мнение окружающих о тебе. В основном, слушая речь дебатеров, создается впечатление, что перед тобой стоит не ученик общеобразовательной школы, а какой-то депутат. Так и в учебе. Чем лучше ты преподнесешь материал домашнего задания, тем выше будет оценка. Ведь, гораздо приятней слушать уверенную и эмоциональную речь, чем тихую и невнятную. Помимо этого, дебаты улучшают способность думать. Если у многих учеников при волнении все мысли смешиваются, то дебатеры всегда найдут, что сказать, могут думать глобально и быстро найти подходящие слова. Стеснение я, также, победила с помощью дебатов. Теперь я не боюсь высказывать свою точку зрения, что тоже дает положительное впечатление учителям обо мне. Таким образом, можно подвести итог: благодаря дебатам развиваются ораторские способности, самооценка, память, кругозор, коммуникабельность, круг общения. И, в общем, дебаты-это путь к успеху! По-моему, мне очень повезло, что именно в нашей школе есть такой способ саморазвития. Во многих школах наш бренд не распространен вообще, есть люди, которые понятия не имеют, что такое дебаты. Я благодарна учителям, принесшим их в школу-лицей №15, ведь, именно с их помощью ДК «Әділет» добивается высоких результатов!